Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су тасқынының алдын-алу

c 16:49, 25/02/2019 c 472

0:00 / 0:00

Бүгін Облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев облыс орталығының бірқатар шағын аудандарында болып, суға кету қаупі бар территориялардағы қар шығару жұмыстарымен танысты. Көктемгі су тасқынының алдын-алу шарасына қала әкімі Мұрат Мұқаев пен төтенешіліктер де қатысты. Қазіргі уақытта қаладағы коммуналдық мекемелер күшейтілген жұмыс режимінде су тасқынының алдын алу шараларына кірісті. Өйткені наурыз айы күрт жылынады деп синоптиктер болжам жасаған еді. Ескере кететін бір жағдай қала бойынша 32  су басу қаупіне енген аудан болса, соның бірі  – Ескі сабор аталып кеткен осы аймақ. Яғни қалың қарға қоса, Жайық өзені де арнасынан асуы ықтимал. Қардың көп түсуіне байланысты су тасқынының алдын алу жұмыстары жылдағыдан ерте басталды.  Қазіргі таңда қаламызда 250-ге жуық техника қар шығаруға жұмылдырылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.