Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су тапшылығына жол бермеу

c 17:36, 02/06/2020 c 553

0:00 / 0:00

Енді оралдықтардың өмірі ауа райына тәуелді болмақ. Яғни күн ысығанда шелек-табақты суға толтырып, күні бұрын қамдануы тиіс. Әйтпесе судың қысымы төмендесе, жоғары қабатқа жетпей қалуы да мүмкін. Ал сусыз өмірдің қаншалықты азап екендігін көпқабатты үй тұрғындары соңғы үш-төрт жылдан бері өте жақсы біледі.Бұдан былай ауыз су кестеге сай беріледі.«Батыс су арнасы» ЖШС мамандары жаз кезінде максимальды тұтыну уақытында ауыз суды беру кесте бойынша жүргізілетіні туралы хабарлады. Өйткені нақ осы маусымда суды асқан ысырапшылдықпен пайдалану салдарынан "Батыс су арнасы" ЖШС шығынға шаш етектен батып отыр. Яғни тұтынылған су қайта тазарту орындарына толықтай түспегендіктін, коммуналдық мекеме шығынды толтыруға міндетті. Бүгінде кәсіпорынға тұрғындар қарызы 251 млн. теңгеден асқан.
Ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында коммуналдық мекеме жанынын үстіміздегі жылдың ақпанынан бастап, суды пайдалануын бақылау бөлімі жұмысын бастаған. Бүгінде арнайы құрылған мониторингтік топ Оралдағы 55 көлік жуу орнында болып, суды үнемді пайдалану тетіктерін көрсеткен. Сонымен қатар Зашаған тұрғындары арасында да түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Орта есеппен алғанда әр адам күніне 150 литр суды пайдаланады. Аталған шараны енгізу ауа температурасының жоғарылауынан туындаған суды пайдалану шығынының ұлғаюымен шартталады. Бұл өз кезегінде резервуарлардағы су қорының ең төменгі сыйымдылық көлеміне дейін төмендеуіне және барлық қала, сонымен қоса Зашаған кенті бойынша су құбырындағы су қысымының төмендеуіне әкеледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.