Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су мен жылуға бір түбіртек

c 11:48, 02/04/2018 c 961

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы "Жайық жылу қуат" АҚ мен "Батыс су арнасы" ЖШС-терінің жеке кассалары жабылып жатыр. Оның орнына пайда болған "Қазпошта" АҚ-ның кассасынан тұтынушылар бір түбіртек арқылы комиссиясыз төлем жасайтын болады. Енді оралдықтар 2 сәуірден бастап кейбір коммуналдық төлемдерді бір түбіртек арқылы төлейді.

Бір түбіртек арқылы коммуналдық төлемдерді төлеу жүйесі қанат қақты жоба аясында енгізіліп отыр. Әзірге оған "Жайық жылу қуат" АҚ мен "Батыс су арнасы" ЖШС ғана көшкен. Жоба цифрлық Қазақстан бағдарламасы бойынша жүзеге асырылуда. Бір түбіртек жүйесіне алдағы уақытта өзге коммуналдық кәсіпорындар да қосылатын болады дейді мамандар.

Ал кассадан тұтынған қызмет ақысын төлеп үйренген зейнеткерлер үшін бұл жүйе түсініксіз көрінді. Дегенмен әр жаңашылдықты қабылдау үшін уақыт қажет болары анық.

Ақылды қала қағидаты аясында қаладағы ірілі-ұсақты кассалардың барлығы жабылып, тек екеуі ғана қалмақ. Бұл дегеніміз жүздеген маман жұмыссыздар қатарын толықтырады деген сөз. Әрине, оларды жаңа қызметке орналастыру назардан тыс қалмайтын болады. Қазпоштада бұдан өзге ПИК өкілдерін де электронды форматта ғаламтор арқылы жұмыс жасап, басқаруға үйретуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.