Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су берілді

c 17:57, 31/05/2019 c 967

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қаласында коллекторды қалпына келтіру жұмыстары аяқталып кәріз желісіндегі ақау толықтай жойылды. Тұрғындарға біртіндеп ауыз су беріле бастады. Осыған дейін 60 мыңнан аса тұрғын ауыз сусыз отырғанын хабарлаған болатынбыз. Деркөл ауылындағы №19 кәріз сорғы стансасындағы кәріз құбыры 29 мамыр күні түсқайта жарылған болатын.Ауыз судың тоқтатылуы тұрғындарға оңай тиген жоқ. Оларға су жеткізіп беру жұмыстары жүйелі түрде ұйымдастырылды. «Батыс су арнасы» ЖШС-ның күшімен түнгі жұмыс нәтижесінде аталған учаскеден 5500 текше метр су сорылды. Бүгін таңнан бастап  демонтаждау жұмыстары жүргізіліп, құбыр ауыстырылды. Жауапты сала мамандары олқылықты ең ұзағы 3 күнде жоямыз деп уәде берген болатын. Жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар нәтижесінде су 3 тәулікке жетпей таратыла бастады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.