Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су астындағы балықтарға ауа тапшы

c 09:29, 29/01/2018 c 1145

0:00 / 0:00

Облысымызда 220 су айдыны бар екен. Мұндағы балықтар тұншығып қалмау үшiн жыл сайын өзен-көлдерде жүздеген ойық ойылады. Эколог мамандар мұзды ойып, оларға қап-қап сабан-қамыс салып кетедi. Бұл өз кезегінде, ойықтың қатып қалмауына және ауаны өткiзуге мүмкiндiк бередi екен. Табиғат жанашырларының айтуынша, жерге жарты метрге жуық қар түссе, өзен-көлдерде 70-80 сантиметр мұз қатады. Қазір өзендегі мұздың қалыңдығы 50 сантиментр, қар жамылғысы шамамен 5-7 сантиметр. Сала мамандарының айтуынша, бұндай жағдайда су астында оттегі жеткіліксіз болады екен. Өңірдегі балық шаруашылығымен айналысатын мекеме өкілдері көктем, жаз-күз айларында тынбастан балық ауласа, ал қыстың күндері үкі ойып, балықтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасайды. Егер су түбіндегі жәндіктерге оттегі дер кезінде жіберілмесе, онда жаппай қырылып қалуы мүмкін. Облыстағы 148 су айдынындағы балықтардың қырылу қаупі бар. Ал олар үшін ең қолайсыз маусым қаңтар ақпан айы. Айта кетелік, бұндай игі шаралар өңіріміздің барлық аймақтарында жалғасын табуда. Бұдан бөлек 27 қаңтар күні де барлық өзен-көлдерде ойық ою акциясы өтпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.