Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спортшыларға не болды?

c 17:17, 27/02/2019 c 621

Атырауға спорттық жарысқа бара жатқан бір топ батысқазақстандық өрен кеше жол көлік апатына ұшырады. Оқиға Атырау Орал тас жолында болған. Автобуста 15 спортшы болған. Спортшылар түрлі дене жарақатын алған. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Рақымқызының телефонмен берген ақпаратына сүйенсек, жапа шеккендер өміріне төніп тұрған қауіп жоқ. Бүгін таңмен ата-аналар дәрігерлер, жаттықтырушылар мен психологтар оларға қосымша қолдау мен көмек беру үшін Атырау облысына аттанды. Бүгінде 4 спортшы Атырау облыстық ауруханасында. Олардың бірінің басы шайқалса, бірінің қабырғасы мен аяқ қолдары сынды деген болжам бар. Нақты ақпарат алдағы уақытта берілетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.