Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спортшылар өткен жылды қорытындылады

c 18:15, 18/01/2019 c 521

0:00 / 0:00

Дене шынықтыру және спорт басқармасы 2018 жылды түйіндеді. Өткен жылы облыс намысын қорғаған спортшылар түрлі додада топ жарып, халықаралық сайыстарда да ел намысын қорғап, алтынды қанжығалап жүр. Десек те, Елбасы тапсырған бұқаралық спортты дамыту ісі әлі де болса, тиісті межеге жетпей отыр. Бүгінгі таңда облыс халқының 29 пайыздайы бұқаралық спортпен шұғылданады. Азаматтардың арасында спортты дамыту үшін жыл сайын инфрақұрылым салынып, шаралар ұйымдастырылуда.

2018 жылы Ақжайық өңірінде 2796 спортты-бұқаралық шара ұйымдастырылған. Ол шаралардың баршасы 12 мыңдай батысқазақстандықтың басын қосқан. Өткен жылы облыс көлемінде он бір спорт түрінен ел чемпионаты ұйымдастырылса, бес халықаралық турнир мен әлем кубогі де сарапқа сарапқа салыныпты. Спорт саласын айтқан кезде Елбасының тапсырмасы еріксіз ойға оралады. Президент қазақстандықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы керек деп тапсырма жүктеген еді. Сол тапсырмаға сәйкес, облыс тұрғындарының 29,2 пайызы спортты жанына серік қылыпты. Сала мамандары бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 2 пайызға өскендігін айтады.

Азаматтардың бұқаралық спортпен айналысуы үшін іс-шаралардың маңызы зор. Сала мамандарының келтірген дерегіне сүйенсек, 2018 жылы ең көп шара ұйымдастырған аудандардың қатарында Бөрлі, Сырым мен Ақжайық аудандары көш бастап тұр. Ал, Тасқала, Бөкей орда мен Жәнібек аудандарының іс-шараны аз ұйымдастырғаны белгілі болды.

Алқа отырысында көптеген мәселелер талқыланып, Сырым ауданының өкілдері атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп, биылғы жылы атқарылатын жұмыстарды бекітті.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.