Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорт аламаны

c 19:00, 31/05/2019 c 608

1-ші маусым балаларды қорғау мерекесіне орай Орал қаласында дзюдодан облыс біріншілігі басталды. Спорттық сайыс 150-ден астам бүлдіршіннің басын қосқан. Аталмыш шараны ұйымдастыруға "Uniserv" компаниясы мұрындық болыпты.

Облыс орталығында 1-ші маусым балаларды қорғау күніне орай, "Uniserv" компаниясының ұйымдастыруымен "Дзюдодан" облыстық турнир өтті. Аталмыш шараға 150-ден астам өрен қатысып, боз кілемде бақтарын сынады. Жас ұрпақты спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған шара сән салтанымен ашылып, сайыстың мәртебелі меймандары жас спортшыларға сәттілік тіледі. Сайыстың бас демеушісі "Uniserv" компаниясы тақтадай тас жол салумен айналысады. Ол еліміздің жол құрылысы саласында қызмет жасайтын компаниялардың арасында ең үздік 5-ке кіріп, 4 орынды қанжығалап келеді. Облыс пен ресбликалық маштабтағы жолдарды жөндеумен айналысатын компания өз жұмысын бастағалы бері қайырылымдылықпен айналысып, тағдырдың түрлі сынына тап болған жандарға көмек қолын созуда.

Дзюдо спорты бойынша облыс біріншілігіне 2009-2010, 2011-2012 жылдары дүниеге келген жас спортшылар бақтарын сынады. Жас өрендер спорттық сайыстан алған әсерлерімен бөлісті.

Балалар мен жасөспірімдер арасында дзюдо спортының облыс біріншілігі келешекте өз жалғасын таппақ.  "Uniserv" Батыс Қазақстан аумағында аталмыш спортты дамытып, өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау үшін келесі жылы республикалық және халықаралық деңгейде спорт аламандарын ұйымдастырмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.