Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ БАР МА?

c 08:06, 13/04/2022 c 249

0:00 / 0:00

Мемлекеттік БАҚ-рын қазынадан қаржыландыру қажет дейді Ақпарат министрі Асқар Омаров. Бұл жайында ол үкіметтің дәлізінде журналистерге берген сұхбатында айтты. Мемлекеттік идеологияны насихатату үшін мемлекеттік арналарды мен баспаларды, ақпараттық сайттарды қолдауға қазақстандықтардың салығы жұмсалатыны сөзсіз. Министрдің сөзінен түсінгеніміз мемлекет мемлекеттік ақпараттық тапсырыстардан бас тартпайды.

Журналистік ұйымдардың мәліметінше, өткен жылы мемлекеттік БАҚ-на бюджеттен 56 млрд теңге жұмсалған. Ал биыл 51 млрд теңге қарастырылған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай мемлекеттік қолдау жекеменшік және мемлекеттік БАҚ арасындағы бәсекеде әділетсіздікке жол береді. Сөз бостандығы, ақпаратты еркін тарату аясы қалай жүріп жатыр деген сұрақ туады. Әрине Қазақстанда ашық түрде журналистің жұмысына кедергі жасау, түрмеге қамап, өміріне қауіп төндіретін әрекеттер жасау жоқ. Дегенмен, редакциясы арқылы қысым жасалады дейді журналистер қауымы. Оның басты құралы- мемлекеттік тапсырыс. Елімізде мемлекеттік тапсырыс алмайтын тәуелсіз БАҚ жоқ десек те болады. Мемлекеттік тапсырыс алған БАҚ әрине қарсы ақпарат бермейді. Яғни қандай нәрсенің болмасын өтеуі бар. Журналистер ақпарат майданында бәсеке болғанын қалайды. Алайда, министрдің пікірі мұнымен сәйкеспейді.

Журналистік ұйымдардың мәліметінше, қазақстандық БАҚ билікке жақпайтын тақырыптарды жауып қояды. Себебі, журналист қандай да бір шенеуніктік әшкерелейтін деректі іздеп, зерттеп тапқан соң, оны жариялау үшін рұқсат сұрап, ескертуі керек. Болмаған жағдайда тілшіні сот күтіп тұр. Кез-келген шенеунік тілшінің берген материиалында отбасына қатысты құпия деректері ашылып қалса, оны сотқа бере алады. Нәтижесінде жекеменшік БАҚ бұл бәсекеде ұтылады. Ал мемлекеттік ақпарат құралдарының онсыз да қанжығасы майланған. Бұл жағдайда дамыған елдермен салыстыру да мүмкін емес.

АСҚАР ОМАРОВ – ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ «АҚШ-пен салыстыру мүмкін емес. Әртүрлі жағдай ғой. АҚШ-та ешқашан да мемлекеттік БАҚ болған емес. Ал бізде әу бастан болды, бар. Мемлекеттік ақпарат құралдары көп жағдайда біздің медианың негізін қалап отыр».

Еске сала кетейік,қазір балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заң жобасы сенаттың талқылауынан өтіп жатыр. Ала қоғамда бұл заң жобасы әлеуметтік желілерді бірден бұғаттауға жол ашады деген ақпараттарауда. Яғни әлеуметтік желідегі жазбаларыңызға тосқауыл қойылуы мүмкін. Алайда, ақпарат министрі бұл пікірді жоққа шығарды. Омаров «заң қабылданған күннің өзінде әлеуметтік желі әкімшіліктері біз ұсынған талаптарды орындағысы келмесе ғана шектеу туралы мәселе туындайды»-дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.