Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Соттың қорытындысы

c 18:13, 17/01/2019 c 638

0:00 / 0:00

Қылмыстық соттың өкілдері ит жылында 54 тұлғаға қатысты 38 қылмыстық істің түскендігін хабарлайды. Өндірісте болған 35 іс аяқталып, 44 тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған. Аталған азаматтардың 40-ы бас бостандығынан айырылса, бір күдікті ақталып, 2 тұлғаға қатысты бас бостандығынан шектеу жазасы қолданылыпты.

2018 жылы ювиналды сот заң талаптарын аяққа таптаған 29 ісі қаралыпты. Қылмыс жасап айыпты болған жандардың 11-і бас бостандығынан айырылған. Сала мамандары тәртібі заң нормаларына сәйкес келмеген жасөспірімдер көбінесе, ұялы телефондарды қолды қылып, адамды ұрып-соққаны үшін жауапқа тартылыпты.

Кәмелетке толмаған жандардың қылмысын қарайтын сот сотқа дейінгі ақпарат жинауда олқылық орын алып тұрады деседі. Аталмыш ақпараттың көмегімен баланың психологиялық көңіл-күйі, оның әлеуметтенуі сынды сауалдарға жауап табылатын көрінеді. Сондай-ақ, соттағы жаңашылдық туралы да сөз болды. Мәселен, өткен жылы "Отбасы сот" атты пилоттық жоба іске аса бастапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.