Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сотталғандардың құқығын кім қорғайды?

c 17:54, 03/02/2020 c 273

0:00 / 0:00

23 - қаңтарда түзету мекемелеріне қауіпсіздік шараларын бақылау мақсатында тыйым салынған заттардың бар жоғын анықтау үшін жоспардан тыс тексеру шаралары жүргізген. Бұл шаралармен Ұлттық Ұлан сарбаздары шұғылданыпты. Тұтқындардың айтуынша, сарбаздар тінту барасында техникалық құралдарды сындырып, олардың жеке басына тиесілі мүліктерді тінтіп бірқатарын соққыға жыққан. РУ-170/3 қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатқан 246 тұтқын осы орайда адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының өкілдігіне азаптау пен қысымға байланысты шағымдарын жазбаша жолдаған. Оралдағы түзету мекемесіндегі бассыздық әлеуметтік желіге тарап кеткен видеожазбадан соң ғана қатаң бақылауға алынған. Қоғам белсенділерінің айтуынша мұндай әрекеттер бұған дейін де тіркелген. Алайда нақты дәйектер болмапты.Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Манарбек Ғабдуллиннің айтуынша жоспардан тыс тексеру шаралары барысында жазасын өтеушілерден бірқатар заңмен тыйым салынған заттар табылған. Олардың арасында ұялы телефон және тескіш сынды құралдар болған. Бірақ жазаланушылардан нақ сол күні ешқандай арыз болмаған. Шағымдар тек екінші күні түскен. Кочетковтың айтуынша, барлық өтініштер қаралған және тұтқындар көрсеткен мекенжайларға - жергілікті және бас прокуратура, президент жанындағы адам құқығы уәкілдігі, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау бюросының жергілікті бөлімшелеріне жіберілген. Осы орайда нақты ақпарат 2 аптадан кейін белгілі болмақ. Бұл мәселе бас прокуратураға да жеткен көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.