Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру - басты талап

c 18:05, 24/10/2019 c 1668

0:00 / 0:00

Биылғы жылдың 9 айында еліміз бойынша бірінші сатыдағы істердің саны - 2 млн. 450 мың істі құраған. Оның 121 мыңы, яғни 5 пайызы мемлекеттік тілде жүргізілген. Ал, апелляцияда қаралған 63 мыңға жуық істің, тек 12 пайызы ғана қазақ тілінде өткізілген. Мұндай көрсеткіш бүгін Орал қаласындағы Салтанат сарайында өткен "Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру мәселері" тақырыбындағы аймақтық конференция барысында белгілі болды. Жоғарғы сот өкілдері мен БҚО, Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының жергілікті соттары, прокуратура, құқық қорғау органдарының өкілдері бас қосқан жиында мемлекеттік тілдің мәртебесі мен оның сот төрелігіндегі қолдану аясы кеңінен сөз болды. Елімізде өткен жылы Жоғарғы Сот тарапынан сот жүйесіне бірқатар стратегиялық тапсырмалардан тұратын «Сот жүйесінің 7 түйіні» атты жоба жол тартқаны белгілі. "Аталған жоба аясында мемлекеттік тілдің принципін дұрыс қолдану мәселе санатында", - дейді жиында сөз алғандар. Соңғы 3 жылда БҚО-ы сот төрелігін мемлекетік тілде жүзеге асырудағы үлес салмағы Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау облысатырымен салыстырғанда соңғы орынды иеленіп отыр. Айталық, бірінші сатыдағы сот үдерісінде қазақ тілінде қаралған істердің саны - 4 пайызды құрайды. Аппеляциялық істерде - 3-9 пайыз арасында. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіште ілгерілеушілік жоқтың қасы. ҚР-ның "Тіл туралы Заңында" ҚР-нда сот төрелігі мемлекеттік тілде жүргізелдеді, қажет болған жағдайда орыс тілінде және басқа тілде өткізілдеі, - деп жазылғанымен, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істердің қазақ тіліндегі істердің саны - көңіл қуантатын деңгейде емес. Тіпті кей облыстарда 0-деген көрсеткіш бар көрінеді. ҚР-ның "Қылмытсық-Процестік Кодексінің" 30-бабына сәйкес, қылмыстық процесті жүргізетін орган істі орыс тілінде немесе басқа тілдерде жүргізу қажет болған кезде ғана сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады. Яғни, айыпталушы қазақ тілін білмесе, осы тілде өз ойын еркін жеткізе алмаған жағдайда ғана бұл тармақ жүзеге асырылады. Осы орайда, тіргеуші тергеу тілін айыпталушы ғана таңдайтынын ескермей: "Істі қазақ тілінде тергей алатын адам жоқ деген" сылтауды жиі алдыға тартса керек. "Елімізде халықтың 70 пайызы қазақ тілді қауым екенін ескеретін кез жетті", - деген жиын жауаптылары болып танылған Жоғарғы сот, бүгінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің үлгісін жасап отыр. Бұдан өзге, жиында соттардағы судияларға арнап нұсаулық шығару, тергеу кезінде қажетті азаматтық істер бойынша талап-арыздың үлгілерін бірігіп дайындау ұсыныстары тасталды. "Өйткені, тергеу қай тілде жүргізілсе, сот ісі сол тілде жүргізілетінін ескерген жөн", - дейді Жоғарғы сот өкілдері.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.