Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сот екі нысанның жұмысын уақытша тоқтатты

c 18:48, 13/07/2018 c 611

ҚР бас прокуратурасы Қазақстандағы барлық ойын-сауық орталықтарына жаппай өрт қауіпсіздігіне тексеріс жүргізуді тапсырған болатын. Біздің облыстың өзінде 56 ірілі- ұсақты ойын сауық орталығы жұмыс жасайды. Тексеру жұмыстары барысында барлық дерлік ғимарат талаптарға сай болмай, 1284 өрт қауіпсіздігі бойынша заңнама бұзылғандығы анықталды. Ереже бұзған 50 тұлға жауапқа тартылып, мемлекет қазынасына 1млн 360 мың теңгеден астам айыппұл төледі. Өрт қауіпсіздігін бұзып, ол олқылықтарды жоймаған кәсіпкерлердің ісі сотқа жолданған. Шілде айынан бастап, 14 нысан қайтадан тексеріле бастапты. Мәселен, сот "Жадыра" сауда үйінің жұмысын 60 күнге тоқтату және 168 мың теңгедей айыппұл төлеуі керек деп үкім кескен. Сондай-ақ, "Школьник" орталығы да бұл тізімге ілікті. Аталмыш сауда орталығын 90 күнге тоқтату мен 168 мың теңге айыппұл төлеу туралы сот шешімі шыққан. Бірақ сот шешімі күшіне әлі енбеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.