Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяжайдағы өрттен сақтанайық

c 16:37, 12/03/2020 c 542

0:00 / 0:00

Орал қаласында төтеншеліктер саяжай қоныстарындағы өрт оқиғаларының алдын алу шараларына кірісті. Бүгін қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қала маңындағы саяжайларды аралап, халықпен кездесті. Олар саяжай тұрғындарына саяжай аумағын тазалау кезінде өрттің алдын алу шараларын түсіндірді.
Күн жылынып, жер аяғы кеңейген уақытта қала тұрғындары өз саяжайларына барып жұмыс жасай бастайды. Саяжайдың маңайын тазалап, қоқысты өртейді. Міне осындай тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстарды өртеудің соңы үлкен өрт оқиғасына ұласып кетуі мүмкін. Қайғылы жағдайдың алдын алу мақсатында төтеншеліктер волонтерлермен бірге саяжайларды аралап, халықпен кездесіп, қауіпсіздік ережелері жазылған үнпарақтар таратып жүр.
Саяжайлықтар болса жиналған қоқысты тастайтын жер жоқ дейді. Мұнда арнайы қоқыс жинайтын орындар белгіленбеген. Оны шығаратын машиналар саяжайларға кірмейді. Саяжай маңындағы ағаш қалдықтары мен күл - қоқысты өртеуден басқа амалымыз жоқ дейді. Қоқысты жинамай, ескірген тал -теректерді шауып, айналаны тазаламаса тазалық шарасы сақталмаған деп айыппұл салынады. Ал, жинап өртесе өрт қауіпсіздігін сақтамадын деп айыптайды, сонда біз қайттік дейді тұрғындар.
Ал төтеншеліктер болса қауіптің алдын -алу мақсат дейді. Сондықтан үлкен өрт болып адамдар зардап шекпес үшін саяжайларға қарай барып, бау-бақшамен айналыспақшы болған тұрғындарға арнайы үн парақтар таратылып жатыр. Арнайы бағбандар дүкенінде де осындай шаралар жалғасып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.