Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СОТ ӘДІЛДІГІ

c 09:10, 18/04/2022 c 262

0:00 / 0:00

Аудандық соттарда сот төрағасы болмауы керек. Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаевтың айтуынша, қазір адвокаттар қауымы осындай ұсынысты әзірлеп жатқан көрінеді. Бұл сот әділдігін қамту үшін қажет дейді қорғаушылар. Сондай-ақ, судьялар енді нақты істер бойынша қабылдау жүргізбейтінін айтты Жоғарғы соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов. Журналистермен өткен брифингте сот істері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау мәселесі сөз болған еді.

Жалпы Қазақстанда әділ сотқа деген сенім аз. Себебі, таныс-тамыры барлар, жемқор судьяларды сатып алды, тәуелсіз сот жоқ деген наразы пікірлер өте көп айтылады. Сот шешімімен келіспей, шағымданып жататындар легі де аз емес. Бұл жағдайды Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов та жоққа шығара алмаған еді. Әлем елдері арасында сотта жағдай жасау рейтингі бойынша қазақстандық сот жүйесі төртінші орында тұр. Алайда тәуелсіз судьялар рейтингінде 139 елдің ішінде 79 орындамыз. Яғни сот төрағасының көңілі толмайтын шешім шыққан емес. Судьялардың қызметте өсуі, шешімді қалай шығару керектігін сот төрағалары шешеді. Тіпті, судьяның шешімін де тоқтатып тастай алады. Яғни сот төрағасының көңілін тапқан судья өсіп-өнеді. Ал тәуелсіз судья дегеніміз құр сөз. Енді жоғарғы сот әділ шешім шығуы үшін судьялар нақты істер бойынша қабылдау жүргізбейтінін мәлімдеп отыр.

Өз кезегінде адвокаттар қауымдастығы әділ шешім шығуы үшін аудандық соттарда сот төрағасы болмауы керек деп отыр. Жақында республикалық адвокаттар алқасы осындай ұсыныспен шықпақшы.

Сотқа жүгініп, әділдік іздегендер ең алдымен аудандық және оған теңестірілген соттардан өтеді. Тараптар сот актісімен келіспесе, шағымдану тәртібімен аппеляциялық деңгейде облыстық соттарға шағымданады. Оған келіспесе, кассациялық шағыммен Жоғарғы сотқа жүгінеді. Кассациялық шешіммен келіспеген азаматтың тағы екі шешімі бар. Алғашқысы Бас прокурорға жүгініп наразылықты енгізуді сұрай алады, екіншісі Жоғарғы соттың төрағасына жүгініп, аталған азматтық, қылмыстық іс болсын ұсынысты енгізуді сұрайды. Бұдан басқа сот актілерді қараудың жолдары жоқ дейді судьялар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.