Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ 1 МАУСЫМДА СОҒЫЛАДЫ

c 11:46, 05/04/2023 c 70

0:00 / 0:00

Биыл елімізде оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Бұл жайында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет дәлізінде журналистердің сұрағына жауабында айтты. Сондай-ақ, министр Назарбаев зияткерлік мектебіне бөлінген қаражаттың нақты көлемін айта алмады.

25 мамыр соңғы қоңырау соғылатын күн Кеңес дәуірінен санаға сіңген дата. Алайда, биылдан бастап бұл дәстүр өзгеріп жатыр. Енді қазақстандық оқушылар үшін соңғы қоңырау 25 мамырда емес, кешігіп барып 1 маусымда соғылатын болады. Осылайша биыл оқу 34 аптадан 36 аптаға ұзартылып отыр. Алайда, министрліктің бұл жаңашылдығы ата-аналар тарапынан дау тудырғанды.

Сондай-ақ, арнамыздың тілшісі министрден Назарбаев зияткерлік мектебіне қазынадан бөлінетін қаржы көлемі туралы сұрап еді, Бейсембаев мырза хабарсыз болып шықты.

Ал отандық БАҚ-ң мәліметтеріне сүйенсек, республикалық бюджеттен жылына Назарбаев университетіне 20-25 миллиард теңге бөлінсе, Назарбаев зияткерлік мектебіне де қомақты қаржы қарастырылып отырады. «Бюджет туралы» заңның қаулысында 2020-2022 жылдары Назарбаев зияткерлік мектебіне 19,9 миллиард теңге бөлінген. Назарбаев мектебіне бөлінген қаржы елдегі жалпы білім беру мектебптеріне бөлінген қаражаттан 23 есе көп. Бүгінде Қазақстанда 22 НЗМ білім беріп жатыр. Оған қоса бұл мектепте ақылы бөлімі бар. НЗМ баласын оқытып жатқандар жылына миллион теңгеден астам қаржы төлейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.