Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Соғылды соңғы қоңырау

c 16:48, 27/05/2019 c 986

0:00 / 0:00

Кезекті оқу жылы аяқталып, соңғы қоңырау үні сыңғыр қақты. Орал қаласы бойынша биыл орта мектептерді 1797 түлек аяқтауда. М.Ықсанов атындағы №36 орта мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатына қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, білім нәрімен сусындатқан алтын ұяларынан ұшқалы тұрған түлектерге сәт сапар тіледі. Мемлекет және қоғам қайраткерінің есімін иеленген №36 орта мектептің кезекті оқу жылын табысты аяқтады. Білім сапасының жоғары деңгейде ұстап отырған мектеп ұжымы  2018-2019 оқу жылын 542 оқушымен аяқтауда. Олардың 28-і биылғы жылдың түлектері. Қияға қанат қағып отырған түлектерге Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев сәт сапар тіледі. Мектеп директоры Әзима Ғұбашеваның айтуынша, биылғы білім сапасының көрсеткіші – 60,9 пайыз. Халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі пәндік олимпиада, ғылыми жоба, байқау, спорт сайыстары бойынша оқушылар 445 жүлделі орынды иемденген. Өз ісіне деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті ұштастыра білген ұстаздардың сапалық құрамы – 67,3 пайыз. 20 шақты ұстаз Кембридж сертификатының иегері. Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін мектеп ұстаздары Гаухар Абылайқызы, Раушан Тыныштыбайқызы және Әсел Қарасайқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ оқу жылының қорытындысы бойынша физика-информатика пәні мұғалімі Алмагүл Көпжасарова – «Жыл мұғалімі», мектептің биылғы түлегі Сәкен Махамбетов – «Жыл оқушысы» аталымы салтанатты түрде табысталды. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шаққан түлектер ұстаздарына алығысын білдірді. Мектеп түлектеріне аға буын да ақ жарма тілектерін арнады. Түлектер алтын ұя мектебі мен сүйікті ұстаздарына  ризашылықтарын әнмен жеткізіп, «Мектеп вальсінің» ырғағында тербелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.