Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шырша шамы жағылды

c 17:33, 24/12/2018 c 783

Оралда жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жағылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша шараға қала әкімі Мұрат Мұқаев қатысып, тұрғындарды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Тұңғыш Президент атындағы алаңдағы шырша жүздеген түрлі-түсті шамдармен және ойыншықтармен безендірілген оның биіктігі 24 метрді құрайды. Қалалықтарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаған қала әкімі Мұрат Мұқаев биылғы жылдың жемісті болғанын атап өтіп, бірқатар атқарылған оң істерді баяндады.

Шығыс күнтізбесі бойынша, табалдырықты аттағалы тұрған жыл - доңыз жылы. Халық даналығында бұл жайлы жыл болып есептеледі. Халық та осыған үміт артып, 2019-шы жылы еліміздің толағай табыстарға қол жеткізетініне күмәнданбайды.

Қала бойынша биыл 5 шырша орнатылады. Олар қала көркінің сәнін келтірері хақ. Ал жаңа жылдық шаралар үшін 10,5 млн теңге қарастырылған. Шырша шамын жағу сәті түрлі қызықты ойындармен көңіл көтерілер шаралармен жалғасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.