Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шын шеберге шектеу жоқ

c 16:24, 18/01/2019 c 1111

0:00 / 0:00

Бүгінде он қолынан өнер тамған Даниярдың жұмыс орнының маңы қардан жасалған жануарлар көрмесіне айналған. Жұмыстастарының айтуынша ол қар жауса болды, бос уақытында іске кіріседі екен. Алдымен қарды бір жерге жинап, үйіп алады. Бір аптадан соң қар өз салмағымен толық нығыздалады. Сосын өздерін қызықтырған мүсінді қалауынша жасауға кіріседі.Сырттан көз салған адамға білінбеуі мүмкін. Деседе Бірақ ақ қар, көк мұздан келістіріп мүсін жа­сау дегеніңіз ғажап нәрсе. Ақындар жалындатып жыр жазып, әншілер әуелете ән шырқап, күйшілер күмбірлете күй шертіп өзінше шер тарқатады. Демалады. Біреулер атқа мініп, тазы жүгіртіп, енді біреулер құс салып тынығады. Әркімнің өзінің әуестігі бар ғой. Бұл да сондай дүние, − дейді шебердің қызметтестері.Толассыз жауар қарды аңсайтын шебер ендігі туындысы қандай боларын айтпады. Ендеше Кердері 122 мекенжайынан асығып, ғажап мүсіндерді өз көздеріңізбен көріңіздер.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.