Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шыдамды тауысқан төраға

c 16:47, 02/10/2019 c 768

0:00 / 0:00

Тұрғындар төрағаның қылығы шектен шыққанын айтады. Бірақ кімнен көмек сұрарын білмейді. Өйткені бұл жер саяжай болғандықтан, жол салу қарастырылмаған. Ал ебін тауып, әрең алған ескі асфальт төрағаның ауласына төселді деп шағымданады тұрғындар. Сол себепті ашынған халық оны сотқа бергенін айтады. Бірақ «Құс фабрикасы» аталып кеткен ауданның халқының сөзін теріске шығарды саяжай қаумдастығының төрағасы. Бізбен кездескен тұрғындар мәселенің мәні тереңде жатқаның жеткізді.Олар көмек сұрап біраз табалдырықты тоздырыпты. Тіпті қала мен облыс әкімдеріне дейін шағымданып, мәселінің мән-жайын түсіндірген. Сол себепті көктем мен күзде толарсақтан саз кешіп, тілерсектен су кешетін халықтың бұл мәселесі сала басшыларына таныс. Бұл бір ғана саяжайдағы мәселе. Мұнда жол салуға нақты қаражат бөлінбейді. Сол себепті жол жайының қашан және қай кезде шешімін табарын нақты ешкім дөп баса алмайды. Жоғарыда аталып өткендей жағдайды сала мамандары жақсы біледі. Сол себепті биыл ескі жол құрылысынан қалған материалдардан 1 шақырым қоғамдық көлік жүретін жолдарға қара жабын төселген. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады дейді мамандар.Жол мәселесі саяжай ғана емес, қала маңындағы елді мекендерге де жақын маңда салынуы екіталай. Өйткені биыл жөнделуі тиіс 50 көшенің жобалау құжаттарынан шикілік шығып, кері қайтарылыпты.Биыл қала көшелерін жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде соның 77 проценті игеріліпті. Дегенмен шаһардың шеті түгілі, орталықтағы көшелердің тең жарымында асфальт жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.