Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шыбын-шіркеймен күрес басталды

c 17:19, 16/04/2019 c 1046

0:00 / 0:00

Оралда қала іргесіндегі орман-тоғайлар мен саябақ аумақтарында шыбын-шіркейлерді улау жұмыстары басталды. Өзендердегі судың көтерілуі мен жауын-шашын қансорғыш жәндіктердің көбеюіне жол ашады. «Сондықтан олардың ұрықтарын дер шағында жоюға күш саламыз», - дейді мамандар. Биыл қансорғыштармен күресуге республика бюджетінен 48 млн.  теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Бұл шара екі кезең бойынша жүргізілмек. Алдымен дернәсілдер дәріленеді. Өйткені зиянкестер күш алып кетпеуі үшін  олардың ұрығын жою қажет, дейді мамандар.  Қала маңындағы 800  гектардан астам аумақты өңдеу жоспарланып отыр. Оған қала іргесіндегі 4 елдімекен мен орталық саябақ қамтылған. Осыдан бірер күн бұрын қолға алынған шарада ең алдымен "Телецентр" маңы  мен сол аудандағы "Волна"саяжайындағы сулы аймақтар уланған. Қолданыстағы препарат тек қана жәндіктерге ғана әсер етеді дейді қызметкерлер. Ауыл жақтарда енді жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкес, жергілікті әкімдік масаға қарсы іс-шараларды өздері ұйымдастыруына болады. Ал қызмерт көрсетудің екінші кезеңінде  6500 гектар ауданда  қанаттыларға қарсы  күрес жүргізілмек. Бұл жұмыстар мамыр айының алғашқы онкүндігінде атқарылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.