Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шұғыл ауруханалар салынуда

c 20:15, 08/04/2020 c 697

0:00 / 0:00

Бүгінгі күннің жағымсыз жаңалығы- тағы бір адам қауіпті індеттен қайтыс болды.  Ақмола облысында коронавирустан 1929 жылы туған қария көз жұмды.  Денсаулық сақтау министрілігінің мәліметінше, жалпы Қазақстанда аты жаман ауруды  жұқтырғандардың саны 704-ке жетті. Ал елордасында індет жұқтырғандардың көрсеткіші  222 адамды құрап отыр. 5 адамның халі нашар. Ад коронавирусқа қарсы күрес барысында еліміздің үш ірі қаласында жалпы 680 орындық шұғыл ауруханалардың құрылыс басталды. BI Group компаниясының әлеуметтік қолдауымен салынып жатқан  бұл ауруханалардың құрылысы 15 күнде аяқталмақ.

Елдегі қауіпті індеттің таралуы тоқтар емес. Бүгінгі мәліметте індетке шалдыққандар саны 700-н асты. Елордасында аты жаман ауруды жұқтырған  222 адамның басым бөлігі науқастармен жақын қарым-қатынаста болған. Қаланың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қисықова ханымның айтуынша, бүгінгі күні ауруханада емделіп жатқандардың ішінде 5 науқастың жағдайы нашар.

Бүгінгі күннің жағымсыз жаңалығы- тағы бір адам қауіпті індеттен қайтыс болды.  Ақмола облысында коронавирустан 1929 жылы туған қария көз жұмды.  Елдегі төтенше жағдай барысында қауіпті індетіт ауыздықтау үшін қажетті шаралар қабылдануда. Соның бірі – еліміздің Алматы, НұрСұлтан және Шымкент қалаларында жалпы 680 орындық шұғыл ауруханалардың құрылыс басталып кетті. BI Group құрылыс компаниясының әлеуметтік қолдауымен салынып жатқан  бұл ауруханалардың құрылысы 15 күнде аяқталмақ. Журналистер қауымы бүгін елордасында салынып жатқан шұғыл аурухананың құрылысын өз көзімен көріп қайтқан еді. Нұр-Сұлтанда 200 орындық аурухана салынуда. Қажет болған жағдайда сыйымдылың екі еселенуі мүмкін. Құрылыс компаниясының өкілдерінің айтуынша, ауруханда карантин, қарқынды терапия, жансақтау бөлімдері қарастырлған. Қажетті зертханалармен, рентген кабинеттерімен және компьютерлік томографиямен қамтамыз етілетін болады. Бі сөзбен айтқанда аурухана сапалы технологиямен салынуда.

Сондай-ақ, қауіпті індеттің таралуына жол бермеу барысында дәрігерлермен қатар  халық денсаулығын қорғап, қоғамдық тәртіпті бақылауда ұстап жатқан полицейлер де қажетті  жабдықпен қамтылды. Ішкі істер министрлігі тәртіп сақшыларына түзеу мекемелерінде тігілген қорғаныс киімдерін табыс етті.  Млнға жуық  қорғаныс құралдары дайындалды. Полицейлерге көп ретте қоланатын, су өтпейтін комбинезондар тігілді.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ішкі істер министрі; «Біздің қылмыстық атқару жүйесіндегі тігін цехтарында бұл киімдер тігіліп жатыр. Бұған дейін олар арнайы бетперделер тіккен болатын. Ендігі  мыңнан аса тігілді. Жақын он күнде барлық өңір бойынша полицейлерді қажетті комбинезомен қамтамасыз етеміз. Біріншіден түзеу мекемесінде отырған сотталғандарға жұмыс беріп отырмыз, екіншіден өз жеке құрамымызды қорғау үшін жасалуда».

Алғашқы болып  160 камбинезонды елордалық полицейлер алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.