Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Штаб отырысы

c 17:57, 05/10/2020 c 521

0:00 / 0:00

Облыстың санитар дәрігері қыркүйекте жұқпалы індетті жұқтырған 111 деректің тіркелгенін хабарлады. Науқастардың көбі Орал қаласы, Бәйтерек, Теректі және Бөрлі аудандарында тіркелген. Сырқатқа шалдыққан жандардың арасында егде тартқан қариялар көп. Еуропа елдерінде қайта тұтанған тәж тажалына облыстың билігі дайын ба? Кездесуде осы сұрақтарға жауап берілді. Жиын барысында аймақтағы жағдай тізбектеліп, атқарылған жұмыстар сараланған болатын. Сондай-ақ қазандықпен жылытатын үйлерге жылуды жақын күндері береді.

Штаб отырысында облыстың бас санитарлық дәрігері коронавирусқа байланысты эпид ахуалды баяндап шықты. Қыркүйек айында БҚО-да 111 вирусты жұқтыру дерегі тіркелген. Оның 43 пайызы Орал қаласында анықталыпты. Санитарлық дәрігер ауырған науқастардың ішінде зейнеткерлер көп екенін айтады. Және вахтада жұмыс жасайтын жұмысшылардың арасында ауру белгілері жоқ науқастар көп,- дейді.

Өткен айда тіркелген жұқпалы вирустың төртеуі шетелден келген. Шетел демекші, Ресейде коронавирус індеті өрши түскен. Күніне 10 мың науқастантан анықтап жатыр. Қазіргі көрсеткіштер мамырдағы жағдаймен пара-пар. Шекара қызметінің хабарлауы бойынша, күн сайын көрші Ресейден жүк көлігімен немесе ем алуға 3000-ға жуық адам өтеді. Мамандар қазір облыста көрші мемлекетте емделем деген жандардың қарасы қалың дейді. Тіпті шекарадан өту үшін жалған жүргізуші куәлігін жасағандар да анықталыпты. Қазіргі таңда алты адамды полиция департаменті тергеп жатыр. Шетелден келетін қауіптен бөлек, азаматтардың қоғамдық орындарда әлеуметтік арақашықты сақтауы мен бетперде тағып жүруі де сөз болды.

Және ешбір тыйым мен ескертуге құлақ аспай, әлі той мен садақа беруін тоқтапағандар бар. Мамандар Сырым, Жаңақала, Қазталов пен Шыңғырлау аудандарында той тыйылмай тұр,- дейді.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі күн райының салқындауына байланысты қазандықтармен жылытатын үйлерге жылу беру керек деп тапсырма жүктеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.