Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шіліңгір шілде

c 14:25, 07/07/2020 c 590

0:00 / 0:00

Облыста ыстық ауа райы әлі де сақталады. Кей аудандарда сынап бағаны 43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы казгидромет орталығының мамандары мәлімдеді. Осы орайда дәрігерлер жасы егде тартқандарға үйде отыруға кеңес береді.Шілденің шіліңгір ыстығы кім- кімге де қолайлы болмай тұр. Әсіресе нақ осы пандемия мен пневмания дендеген шақта медициналық көмек қажет жандардың саны екі есеге артқан. Осы орайда жандарына сая іздеген жандардың балмұздақ, тоңазытқыштан сусын ішпегені абзал дейді жедел жәрдем қызметкерлері. Өйткені ағзаға бірден түскен суық сусын өкпенің қабынуына әкеп соқтыратын көрінеді.Синоптиктер осы орайда аптап ыстық өңірде әлі де сақталады деп болжайды.Өткен демалыс күнінен бері екі апталық карантиндік шектеулер енгізілді. Жасы 65 тен асқан адамдардың тысқа шығуына шектеулер қойылды. Қолайсыз ауа райында олардың үйде қалғандары дұрыс. Өйткені егде жастағы жандардың жүрегі әлсіз келетіндіктен қан қысымы көтеріліп, жағдайларының нашарлауы бек мүмкін.Сақтансаң сақтармын демекші, бірінші байлық денсаулығымызға баса мән берейік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.