Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шілдеде 10 адам суға кеткен

c 15:58, 10/07/2020 c 512

0:00 / 0:00

Жағажайда демалушыларға ескертулер жиі жасалғанымен әлі де болса қауіпсіздік шараларына бейғамдық байқалады. Әсіресе, бүлдіршіндерді қараусыз қалдырудың арты қайғылы оқиғаларға әкеп соғуда. Мәселен, биыл облыс бойынша 10 адам тілсіз жаудың тұзағына ілінген.
Жаздың келуімен бос уақытты өзен, көл жағасында өткізетін халықтың қарасы да көбейе бастайтыны бәрімізге де белгілі. Жаз айларының шіліңгір ыстығында бірі отбасымен, енді бірі достарымен, балалар ата-аналарының қарауынсыз болса да суға шомылуға асығады. Осындай демалыстың соңы кей кездері қайғылы оқиғаға ұласып жататындығы өкінішті. Еліміз бойынша шомылуға ар­налған қалалық және же­ке­­меншік жағажайлар жабылды. Карантиндік режим қабылданып жат­қандығына қарамастан, шомылуға арнал­маған су айдындарында адамдар­дың қарасы қалың. Оған басты себеп күннің ыстығы және өңірде орын алып жатырған ауыз су тапшылығы мәселесі.
Бүгінгі рейд барысында төтеншеліктер мен жергілікті полиция қызметі бірлесе отырып облыстағы барлық су айдындарында судағы қауіпсіздік шаралары туралы парақшалар мен буклеттер таратты. Сонымен қатар, су айдындарындағы оқыс оқиғаның санын азайту мақсатында құтқарушылар алдын алу жұмыстары жалғасатындығын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.