Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шетелге жол жабылады

c 10:59, 01/10/2020 c 649

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шетелге әуе рейстерін тоқтатуды ұсынды. Шетелде ковидтің таралуы артып, жағдай ушығып жатқандықтан осы шешімді қабылдаған жөн деді. Сондай-ақ, министр ел ішінде оқушылар арасында қауіпті індеттің таралуы өсіп жатқанын айтты. Ал қазақстандықтардың карантиндік-санитарлық талаптарды сақтамауы қатаң карантиннің қайта енгізілуіне әкеп соғуы мүмкін деді министр. Елдегі эпидемиологиялық жағдай үкіметтің онлайн отырысында талқыланды.

Күні кешеден бері қазақстандық санитарлық дәрігерлер елде екінші локдаун енгізулі мүмкін деген пікірлерін жиі айтып кетті. Бұған дейін екінші толқын болып, карантин күшейтіледі деген қауесетті жоққа шығарып келген денсаулық сақтау минситрлігінің өкілдері, енді оны мойындап отырғандай. Әрине Қазақстанда коронавирустың таралуы тұрақты жағдайды көрсетіп тұр. Дегенмен, шетелдердегі, көрші Ресейдегі ковидтің таралуының күшейуі алаңдатады.  Министр Цой басқа елдермен қосымша әуе рейстерін тоқтатуды ұсынды.

Алексей Цой- ҚР ДСМ "Шет елдерде жағдайдың ушыққанын ескеріп, инфекцияның елге кіруіне және таралуына жол бермес үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе рейстерін уақытша тоқтатуды ұсынамыз. Сондай-ақ, әуе қатынасы жанданған елдермен рейстерді ұлғайтпай, Түркияға рейстерді қысқартқан жөн деп санаймыз".

Шетелден келгендерді міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өткізіп,коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтама талап етіледі. Анықтаманың мерзімі 3 тәуліктен аспауы тиіс. Ал ол болмаса үш күнге сатационарға жатқызылады. Сондай-ақ, министр елде эпид жағдай тұрақталғанымен, халық босаңсып кетті деп алаңдады. Бетперде кию, ара қашықтықты сақтау, көпшілік жерге жиналмау талаптары сақталмай жатыр. Ал мейрмаханаларда той-домалақ өткізіп, ас беру жалғасуда. Бұл жағдай карантиннің қайта енгізілуіне әкеп соғуы мүмкін дейді Алексей Цой. Өз кезегінде еліміздің бас полицейі карантин режимін күшейтуге  10 мың  сарбазын дайындап қойыпты.

Ал премьер –министр  коронавирустың екінші толқынына жол бермес үшін санитарлық талаптарды сақтау шараларын күшейтуді тапсырды. Талапты бұзғандардың жолын кесу қажет деді.

15 мыңнан астам өрескел карантин талабын бұзушылық тіркелді. Той өткізу мен жерлеу іс-шарасы бойынша 600 факті, 1 000-нан аса  жағдай демалыс аймағындағы орын алса. Өткен демалыста 41 салтанатты іс-шара өткен. Мұндай жағдай еліміздің барлық өңірінде орын алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.