Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шетелдік нөмірлі көліктерге тыйым салынуы мүмкін

c 17:48, 09/07/2019 c 799

0:00 / 0:00

Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев шетелдік нөмірі бар автомобильдерді қолдануға тыйым салу туралы жоспарларымен бөлісті. Былай дейді: Нақтырақ тоқталсақ, Армения, Қырғызстан, Ресейде тіркелген көліктерге байланысты шағым көп, елімізде тіркелмегесін, олардың иелеріне қатысты шара қолдану мүмкін емес, ал олар адам тасып, жүк тасып кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Біз оларға шектеу қойып, уақытша тіркеуге тұруды міндеттеуді ұсынып отырмыз. Сөйтіп Қазақстан азаматтарына ондай көліктермен жолаушы, жүк тасуға тыйым салуды ұсынады. Бұл тыйымдарды енгізу үшін заңға дейін өзгеріс енгізілуі керек. Аталған мәселені біз былтыр жылдың соңында көтергенбіз. Мәселе оңай емес. Жолаушы да, жүк те тасымайтын, жеке шаруасына, тіршілігіне қолдану үшін алғандар бар. Олар Армения, Ресей, Қырғызстаннан көлікті әлдеқайда, тіпті екі есе арзанға алған. Ал Қазақстанда тіркетіп, мемлекеттік нөмір алуға екінің бірінің жағдайы жетпейді. Өйткені салық мөлшері көліктің жылы мен қозғалтқышының көлеміне байланысты құбылады. Қозғалтқыштың әр текше сантиметріне көлік иесі 3 еуро баж салығын төлейді. Мысалы, қозғалтқыш көлемі 2 300 текше сантиметр десек, осыны 3 еуроға көбейтеміз. Шыққан 6 900 еуроны өзіміздің ақшаға айналдырсақ, салықтың өзі 3 миллион теңгеге жуық.Ресейдің бес бірдей облысымен шектесетін Оралда да шетелдік көлік өріп жүр. Себебі жаңа айтқанымдай: бағасы арзан, сапасы да көңілден шығады. Былтыр полицейлер шекара асқан 2 мыңдай көлікті тізімдеген екен. Содан бері Ресей ғана емес, Қап тауының ар жағынан келген мәшинелер еселеп көбейген. Сондықтан келімсек көліктердің есебін алу қажеттігі туындапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.