Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШЕТЕЛ АСҚАН ЗАҢСЫЗ КАПИТАЛДЫ ҚАЙТАРУ ҮШІН ЗАҢ ҚАБЫЛДАНАДЫ

c 18:31, 28/11/2022 c 1088

0:00 / 0:00

Үкімет Қазақстаннан заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлеп, Парламенттің қарауына ұсынады. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан сайланған президент ретінде үкіметке жүктеген алғашқы тапсырмасы.Бұл жайында Тоқаев 26 қарашада өткен өзін ұлықтау рәсімінде айтты. Ендігі Президент тиісті Жарлыққа қол қойды.

Халықаралық Global Financial Integrity (GFI) зерттеу ұйымының мәліметінше, Қазақстаннан сыртқа азңсыз шығарлыған капиталдың көлемі 167 млрд долларды құрайды. Шетел асқан ақшаны елге қайтару мәселесін қайта сайланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиі айтып жүргені мәлім. Тоқаев бұл мәселені сайлаудан соң жеңіске жетіп, халыққа ант беру рәсімінде тағы көтерді. Президенттің тапсырмасымен бұған дейін Бас прокурор басшылық ететін арнайы комиссия құрылды. Бұл шаруаны мемлекет басшысы өзі жеке үйлестіретінін де айтқан болатын. Енді міне ұлықтау рәсімінде үкіметке Қазақстаннан заңсыз шығарылған капиталды қайтару үшін қажетті рәсімдерді реттейтін заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Бұл Тоқаевтың ел тізгінін қайта алғандағы алғашқы тапсырмасы. Бұл маңызды бағыт деді Президент

Президент өзі айтқандай, елге қайтарылған барлық қаражат халықтың игілігне жұмсалмақ. Мектеп аурухана тапшылығы жойылады деген үміт бар. Осылайша Тоқаев Жарлыққа қол қойды. Ал Смайылов үкіметі көпке созбай тиісті заң жобасын әзірлеп, парламенттің қарауына енгізуі керек. Заң жобасы әділетсіз баюға және активтерді заңсыз шығаруға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға бағытталмақ.Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы елдегі бай-бағландарды халықтың игілігі үшін өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінуге шақырған болатын. Бұл мәселені ұлықтау рәсімінде тағы көтерді. Президент жұмысын ауылды дамытудан бастамақ. Алдағы бес жылға бағдарлама қабылданатынын айтты.

Әрине бұған дейін де ауылды көркейтеміз деп ұрандатқан талай мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, қыруар қаржы бөлінді. Бірақ одан гүлденіп кеткен ауылдар шамалы. Жол сапасы сын көтермейді, сапалы ауыз суға қол жеткізе алмай отырған ауылдар баршылық. Шалғайдағы ауылдарда дәрігер тапшы, мұағлімдер жетіспейді, интернет жоқ. Ал Қазақстан халқының жартысына жуығы сол ауылда тұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.