Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШЕШІМІН ТАППАҒАН МӘСЕЛЕ КӨП

c 15:55, 05/02/2021 c 589

0:00 / 0:00

"Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды",- демекші Бәйтерек ауданына қарасты Садовый ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері облыс орталығы мен елді-мекенді жалғайтын тас жолды салып беруді сұраумен келеді. Бірақ тұрғындар қанша өтініш айтып, талай табалдырықты тоздырғанымен өзекті мәселе өз шешімін әлі күнге дейін таппаған. Садовый мен қаланың екі ортасы 12 шақырымды құрайды. Бірақ осы он шақты шақырым жолмен көктем мен күзде, ауа райының күрт жылынған шағында темір тұлпармен қатынау мүмкін емес. Ауылдық ағайын бала-шағасын қалаға, көрші ауылдағы мектепке оқыту үшін тасымалдап, батпаққа белшесінен батады

Қаладан он екі шақырым қашықтықта орналасқан Садовыйлық ағайынның қордаланған мәселесі көп. Тұрғындарды бірінші кезекте жолдың нашарлығы толғандырады. Көктем мен күзде, жаңбыр жауған кезде автокөліктер батпаққа батып, қала мен ауыл арасындағы қатынас қиындап кетеді.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін өзекті мәселе әлеуметтік мекемелер жағдайы. Бастауыш сыныптың оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері мен балтыры сыздаған жанның бәрі бір ғимаратта қысылып-қымтырылып отырады. Үш мекеме өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған нысанды паналауға мәжбүр. Қазіргі таңда бастауыш сыныптың 24 оқушысы осы ғимаратта білім алуда, 45 бала Макаровтың мектебіне қатынап оқиды. Бұдан өзге оқушылардың тең жартысы қалада оқыса, біразы Асандағы мектептен білім алып жүр.

Бұрын Садовыйлықтар көрші Асан ауылына паром арқылы қатынап келді. Осыдан үш жыл бұрын аспалы көпір салынған болатын. Алайда тұрғындар қолданысқа берілген көпірдің әлі жарықтандырылмағанына қапалы. "Көрші Асан ауылында оқитын оқушылар осы көпірмен өзенді кесіп өтеді. Көпірдің тақтайлары түсіп, пайда болған саңылаулар адамның зәре-құтын қашырады",- дейді ауыл тұрғындары.

Ауыл тұрғындармен кездесуге келген атқамінерге сауалымызды жолдадық. Өзін Макаров ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушымын деп таныстырған шенеунік мектеп, жол құрылысы аудандық бюджеттен ақша қарастырылса жүзеге асады деуден танбады. 12 шақырым жолдың биыл тек жобалық-сметалық құжаттары жасақталатын көрінеді. Бұл құжат 3 жылға жарамды. Енді мектеп мәселесіне келсек.

Тұрғындарды жарық пен су мәселесі де бей-жай қалдырмай отыр.

Әкімнің сөзіне сенсек, осы ауылда биыл медициналық пункт салынбақ. Ал тұрғындар көтерген өзге мәселелер қаражаттың бөлінбеуіне байланысты қашан шешімін табары белгісіз. Айтылған талап-тілектерді естір құлақ табылып, жол мен мектеп құрылысы жедел жоспарға енгізілмесе ата-аналар балаларын оқыту үшін әлі талай ми батпаққа батып, жол азабын тартудай-ақ тартары анық.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.