Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шектеу шаралары күшейтіледі

c 09:47, 13/04/2021 c 336

0:00 / 0:00

Өкінішке орай елдегі эпидемиологиялық жағдай өршіп барады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың үкімет отырысындағы есебі алаңдатады. Министр елде коронавирус жұқтырғандармен қатар індеттен көз жұмғандар саны артып отыр деді. Өлім-жітімнің 57 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Алматы облысында тіркелген. Үкімет басшысы, қызыл аймақтағы өңір әкімдеріне шектеу шараларын күшейтуді тапсырды.

Өткен тәулікте елімізде ковид жұқтырғандар саны 2290 адамға жетті. Бүгінде сегіз өңір қызыл аймақта тұр. Бас дәрігердің айтуынша, қауіпті індетті жұқтырғандармен қатар өлім жағдайы да өсіп отыр. Наурыз айында ақпанмен салыстырғанда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1,4 есеге артты. Өкінішке орай өлім-жітімнің басым бөлігі мегаполис қалаларда тіркеліп отыр.

Алексей Цой – ҚР ДСМ-« Ковидтен көз жұмғандардың 57 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында және Алматы облысында тіркелген. Бүгінде Қазақстан бойынша 30 109 төсек-орын әзірленген. Олардың 41 пайызында науқастар жатыр. Осы аталған үш өңірдің  ауруханаларында төсек-орындардың бос еместігі байқалуда».

Министр Цойдың айтуынша, жансақтау бөлімшесіндегі науқастар саны 2,4 есеге артты. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығып тұрғанын ескере отырып, өңір әкімдері үнемі мониторинг жүргізіп отыруы керек дейді ол. Қажет болған жағдайда әкімдер эпидемиологияға қарсы жедел  шаралар қабылдауы тиіс.Премьер-министр қызыл аймақтағы әкімдерге шектеу шараларын күшейтуді тапсырды.

Ақпан айында басталған екпе егу науқанында аймақтарға вакцинаның 611 мың дозасы жеткізілді. Ал ертең қосымша 300 мың доза жеткізіледі дейді министр. Осылайша, сәуір айында қосымша 1 млн 400 мың екпемен қамтамасыз ету жоспары бар. Айта кету керек, қазақстандықтар қазір ресейлік вакцинаны салдырып жатыр. Отандық екпе әзірге дайын емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.