Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шектен шыққан шенеуніктер

c 19:37, 26/04/2019 c 792

0:00 / 0:00

Әдеп жөніндегі кеңесте Жаңақала ауданы әкімі орынбасарының ісі қаралды. Аталмыш лауазымды тұлға жексенбі күні кешкілік отбасысымен бірге қызметтік көлігімен бірге моншаға барыпты. Оқиғаның орын алғандығы туралы әлеуметтік желінің белсендісі Айболат Бөкенов фейзбук парақшасында жариялапты.

Әдеп жөніндегі кеңесте Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Жасұлан Нұрғожиннің ісі қаралды. Аталмыш мемлекеттік қызметкер үкіметке тиесілі автокөлігімен жексенбі күні моншаға барып, жеке басының жұмысын бітірген. Лауазымды тұлғаның демалыс күні мемлекетке тиесілі мүлікті қара басы үшін пайданланғанын Айболат Бөкенов есімді блогер әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялапты. Кейін, қызметтік тергеу жұмыстары басталған.

Әкім орынбасары көлікті өзі тізгіндепті. ОЛ болған жайттың барлығын мойындап отыр.

Кеңес мүшелері көлікті тізгендеген лауазымды тұлғаға қатысты аудан әкімінің атына толықтай қызметіне лайықты емес деген ұсынысын жолдады. Дәл осы Жаңақала ауданында мемлекеттік көлікті тізгіндеген тағы бір жайт белгілі болды. Оны да блогер өзінің парақшасында жариялапты.

Белгілі болғандай оқиға білім беру бөлімінің басшысы іс-сапарда болған кезде орын алған екен. Яғни, басшының жолдасы оның жүргізушісіне хабарласып, ауыр жүгі болғандықтан, үйіне жеткізіп салуды сұраған. Ал, Жаңақаланың бас педагогі осындай жағдай орын алғандығынан білмепті.

Аталмыш лауазымды тұлға аудан әкімінен қатаң сөгіс алғандықтан, кеңесте қаралған ісі тоқтатылды.

Мемлекеттік көлікті жеке бастың қамы үшін пайдаланған қызметкерлердің ісі қаралған жиында кеңес мүшелері түрлі пікірлерін ортаға салып, әрбір жағдайды толыққанды қарап, гуманизм таныту керектігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, жиында Теректі ауданына қарасты Шаған ауылдық округі әкімінің ісі қаралды. Аталмыш лауазымды тұлға болған жайтты былай деп баяндайды.

Ертеңіне қол астындағы қызметкерлерінен кешірім сұраған әкімнің ісі әдептік кеңесте тоқтатылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.