Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шатырынан су кеткен үй

c 17:56, 04/02/2021 c 592

0:00 / 0:00

Қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан Құрманғазы 150 мекенжайдағы үйдің шатырынан су кетті. Үш күннен бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан пәтерлерінің іші көлге айналған тұрғындардың жағдайы енді не болмақ? Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасының шарапатына олар ие бола ала ма?Шаһардың қақ ортасы. 9 қабатты үй тұрғындарының күн бұлттанса қабақтарын мұң шалады. Не бары жарты күн жауын жауса, тұрғынжайлары телегей теңізге айналып, леген, шелек, одан қалды аяқ-табақ шатырдан аққан суға толады. Жасы 80-нен асқан Любовь Акимовна 15 жылдан бері жаңбырлы күні пәтерінің төбесінен аққан тамшылардан зардап шегіп келеді. Үй шатырын осыдан бірнеше жыл бұрын көршілері өздері ақша жинап жөндеткенімен мәселе шешілмепті. Жоғары қабаттағылардың проблемасы төмендегілер үшін бейтаныс. Бір тұрғынжайды паналағанымен төбелеріндегі тұрғындардың мәселесі оларды алаңдатпайды. Ал жаңбыр жауса, бірінші болып 9-шы қабаттағылардың төбесінен су ағады. Бұл күндері де олар өз мәселерін өздері шешіп әлек.Мәселенің мән-жайы осы үйді күтіп ұстаушы мекеме «Центр» ПИК -не таныс. Оның төрағасы аталмыш Құрманғазы 150-ші үйдің проблемасы биыл шешіледі деп сендірді.«Суға кеткен тал қармайды» демекші, әзірге пәтерін су басқан қарапайым халыққа бөшкелері ғана қорған болып тұр. Мәселе шешілгенше жаңбырдан толған ыдыстарының суын тұрғындар шелектеп төгуге мәжбүр. Шенеуніктер берген ақпаратқа сүйенер болсақ, биыл 513 млн теңгеге 23 үй мен 5 жедел саты жөнделетін болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.