Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шатыры майысып қалды

c 17:40, 30/01/2019 c 667

0:00 / 0:00

Оралдағы орталық көшелердің бірінде орналасқан көп пәтерлі үйдің шатыры қалың қарды көтере алмай майысып қалды. Бүгінде аталмыш үйдің тұрғындары өмірлеріне қауіп төне ме  деп алаңдаулы. Редакциямызға хабарласқан тұрғындар құзыретті мекемелерден көмек сұрағанмен мардымды жауап бермей отыр деген уәж айтады. Әсіресе Еуразия 56 менкенжайындағы шатыры майысқан үйдің 5-ші қабатында тұратын  Әлия  балаларының өмірі үшін қауіптенетінін айтады. Дүйсенбі күні түс мезгілінде орын алған бұл жағдайдан қатты қорқып қалған. Өздеріңіз көріп тұрғандай 2-ші шәне 3-ші подьез аралығындағы шатыр төбесі майысып кеткен. Тұрғындардың айтуынша 60 пәтерден тұратын  бұл үйге жөндеу бірнеше жылдан асып кеткен. Салынғанына шамамен 50 жылдан асқан. Ал тұрғын үй коммуналдық шарушалығы бөлімінің қызметкерлері тұрғындарға алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтады. Өйткені, төтеншеліктер мен аталмыш үйді күтіп ұстауға жауапты «Центр» ПИК өкілдері аталған үйдің шатарына зерттеу жұмыстары жүргізілген. Шатырдағы қарды ПИК тазалайтын болады. Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына сәйкес биыл қала бойынша 14 үйдің жеделсатысымен  3 үй шатыры жөнделеді деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.