Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шатырға зақым келді

c 17:16, 11/07/2019 c 1036

0:00 / 0:00

Қатты желдің салдарынан облыста үш ғимараттың шатыры ұшты. 9 шілдеде болған қатты жел салдарынан Бәйтерек ауданындағы 3 нысанның шатырын жөндеу қажет. Бұл туралы бүгін төтеншеліктер мәлімдеді. Соңғы күндері облыста төтенше ауа райы жариаланды. Осы орайда Бәйтеректе бірқатар нысандардың шатары ұшты. БҚО төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметінше,  Мичуринде үш қабатты Мичурин орта мектебі шатырының 240 шаршы метр аумағына залал келген. Оқиға  осыдан екі күн бұрын сағат 16.10-да тіркелген. Қазір мектеп аумағы қоршалған. Білім ошағының мамандарының айтуынша, мектеп  апатты жағдайда емес. Бар болғаны қолайсыз ауа райы нысанның жоғары бөлігіне залалын тигізген. Абырой болғанда  тірі жанға зиян келген жоқ. Осы ауылдағы Светлая көшесі 16-үй мекенжайындағы екі қабатты тұрғын үй шатырын толықтай жел ұшырып кеткен. Сондай ақ, Көшім селолық округі Өркен ауылы Абылай хан көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үй шатырының 50 шаршы метрі қайта жөндеуді талап етеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.