Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шатыр мәселесі

c 15:12, 13/02/2019 c 794

0:00 / 0:00

Қазгидрометтің келтірген дерегіне сүйенсек, биылғы қыста қардың қалыңдығы 60 саниметрге жеткен. Қарды жинау үшін коммуналдықтар тәулік бойы жұмыстануда. Десек те, ақ ұлпаны жинау мәселесі күн тәртібінен түспей отыр. Қаңтар мен ақпан айынан бастап қаламызда орналасқан бірқатар тұрғын үйлердің шатыры қардан тазаланбай, шатыры құлады.

Орал қаласында орналасқан тұрғын үйлердің шатырын қардан тазарту керек. Осындай мақсатпен қаланың әкімінің орынбасары, коммуналдықтар, төтеншеліктер мен пәтер иелері коперативінің өкілдері бас қосты. Мақсат біреу қар еріген тұста шатырды құрғақ ұстап, төтенше жағдайды болдырмау. Шатырдағы қардың көптігінен қаңтар мен ақпан айында бірнеше тұрғын үйдің шатыры құлап, азаматтарға қолайсыздық тудырып отыр.

Пик өкілдері қарды тазалау жұмыстары барысында кездесетін қиындықтарын ортаға салды. Мәселен, шатырдағы ақ ұлпаны түсіруге үйлердің жанынан тұрғызылған қосалқы дүкендер кедергі келтіретін көрінеді. Сол себепті пәтер иелері коперативтері қарды қайда тазалайтындықтарын білмей дал. Жиында сөз алған қалалық пик ассоциасының төрағасы құлаған шатырдың барлығы қардың салдарынан емес, тозығы жеткен соң құлады. Қысқыгүні төбедегі жабынды мүлдем жөндеуге болмайды,-дейді.

Сондай-ақ, жиын барысында пик өкілдері бір шатыр қардан тазалау үшін әрбір квадрат шаршы метр үшін 200 теңге төлеу керек,-дейді. Өз кезегінде төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын еске салған еді. Ал, қала көлемінде ақпан айынан бастап көктемгі су тасқынын алдын алу шаралары басталды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.