Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаш боятамын деп жазым бола жаздады

c 18:10, 13/05/2021 c 799

0:00 / 0:00

Оралдағы сән орталығының бірінде шашын боятуға барған Орал қаласының тұрғыны Зульфия Ділімбетова жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Шаш бояу процессінде денсаулығы күрт нашарлаған оған сән салонының қызметкерлері жедел-жәрдем шақыртуға асықпаған. Үш баланың анасы Оралдық Зульфия Ділманова 10-шы мамыр күні Оралдығы сән салонына модель ретінде барып шашын боятады. Сұлулық салонына енді қызметке тұрған шебердің қызметіне жүгіну барысында жағдайы күрт нашарлап, химиялық бояуды жуып тастауды өтінеді. Оның айтуынша, сөзіне мән бермеген шеберлер құлап қалғанына қарамастан жедел-жәрдем шақырмапты. Осылайша шаш боятамын деп жазым бола жаздаған Оралдық келіншек жедел-жәрдеммен қалалық көп бейінді ауруханаға жеткізіледі. Бүгінде ол өз істеріне жауапсыздықпен қараған сұлулық орталығының үстінен шағымданыпты.
Зульфия жансақтау бөлімінен шығарылған. Жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Ем қабылдауда. Ал оған қызмет көрсеткен «шебер» шаш бояу барысында жағдайының жақсы болғанын және алғашқы көмек шақырғанға дейін онымен сөйлесіп отырғандарын айтады.Ал сұлулық орталығының иесі тұтынушының жағдайы нашарлаған сәтте жедел-жәрдем қызметіне хабарласқандарын айтады. Қалалық ПБ Зульфиядан шағым 11-ші мамырда түскен. Бүгінде оның ісі бойынша қажетті тергеу шаралары жүргізіліп, сот медициналық сараптама тағайындалыпты. Ал дәрігерлер болса науқасқа қажетті барлық медициналық көмекті жасауда. Жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Көп ұзамай үйіне жіберіледі. Осыған ұқсас жағдай Орал қаласында осыдан екі жыл бұрын тіркеліп, онда әйел адам өмірімен қоштасқан еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.