Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаруаларға артылар жүк ауыр

c 16:26, 05/12/2018 c 788

0:00 / 0:00

БҚО Ақжайық ауданында ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген белсенді шаруа қожалықтарының иелері марапатталды. Жалпы осы ауданда шаруашылығын дөңгелентіп отырған қожалықтар жетеді. Олардың ішінде мал шаруашылығымен қоса өсімдік шаруашылығын дамытып жүргендер де бар.Ауданның экономикасының дамуына үлес қосып жүрген шаруа қожалықтарынан бөлек осы қожалықта табанды еңбек етіп жүрген жұмысшылар да марапатсыз қалмады.

Бүгінде Ақжайық ауданы бойынша 790 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.Олардың ішінде 44 асыл тұқымды ірі қара өсірумен айналысатын қожалық, 2 асыл тұқымды қой өсіретін және 7 асыл тұқымды жылқы өсіріп отырған қожалықтар бар. Бұдан бөлек ауданда бау-бақша өнімдерін өсіріп, табысқа жетіп жүрген шаруалар да жетерлік. Ауданның экономикалық көрсеткіші осы шаруа қожалықтарының жұмысы арқылы бағаланады.
Ақжайық ауданы негізінен мал шаруашлығымен айналысатын аудандардың қатарына жатады. Ауданның негізгі күші де осы шаруалардың еңбегінде жатыр.
Бүгінгі салтанатты жиында сөз алған қожалық иелері ата кәсіпті дамытуда қазіргі заманауи техникалардың көмегі тиіп отырғандығын айта кетті. Қазір олар малды өріске жіберіп қойып үйден электронды түрде қадағалап отыра алатын жағдайға дейін жеткен. Бүгінгі жиында марапатқа ие болған табысты кәсіпкердің бірі "Камал" шарау қожалығының иесі.
Бүгінгі салтанатты шарада тек шаруа қожалығының басшылары ғана мараптталып қоймай далада күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп жүрген жұмысшылар да алғысқа ие болды.Сондай жандардың бірі -  Биғазиев Қуандық. Ол "Қуаныш" шаруа қожалығында 10 жылдан бері тынбай қызмет жасап келеді.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

 

 

 

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.