Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАЛҒЫНДЫҚ БАЛАЛАР МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ ОҚУДЫ ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

c 14:12, 10/08/2023 c 62

0:00 / 0:00

Өткен жылдың наурызында Шиелі өзені арнасынан тасып, Шалғын ауылында 25 тұрғын үй мен елдімекендегі жалғыз мектеп су астында қалған еді. Бүгінде қараша халық жаңадан салынған баспанасына қайта қоныстанып, ауыл тіршілігі жалғасты. Бірақ ауыл балаларын біліммен, тұрғындарын еңбекпен қамтып отырған мектептің жайы толғандырады. Ауыл іргесінен 60 орындық шағын жинақты мектептің құрылысы басталып, ол сақалды құрылысқа айнала жаздады. Бүгінде «жосықсыз» деп танылған мердігерді екінші компания алмастырған.

АМАНТАЙ НИЕТОВ

МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ БАС ИНЖЕНЕРІ

Облыстық мәслихатқа Шалғындағы мектеп құрылысы мен ондағы олқылықтар жақсы таныс. Білім ордасының қабырғасы ғана қаланған. Төбе жабындысын қоспағанда ішкі әктеу жұмыстары мен ауланы абаттандыру шаралары бар. Ал ондай жұмыстарға жауын-шашынды ауа райы мүмкіндік бермеуі мүмкін. Мердігер жұмысшылар санын арттырып, 1 қаңтарда тапсырамын деп уәде беріп отыр. Мәслихат депутатары жұмысшы күшіне сенген мердігердің әрекетіне күмәнмен қарайтынын жасырмады.

МҰРАТ МҰҚАЕВ

БҚО МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ

«AQ JOL» Қазақстанның демократиялық партиясы шалғайдағы елдімекен тұрғындарының жан-айқайын алғашқы күннен тыңдап келеді. Әсіресе, халық қалаулыларын жаңа баспаналар салу кезіндегі құрылыс қарқыны мен сапасы алаңдатты. Ақжолдық депутат Ержан Хасанов мектеп құрылысына қатысты олқылықтарды жою мақсатында қолдау шараларын жалғастыратынын жеткізді.

ЕРЖАН ХАСАНОВ

«AQ JOL» ҚДП ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ

Кезекті оқу жылының басталуына 1 айдан аз уақыт қалды. Жаңа мектептің құрылысы мерзімінен кешігуіне байланысты шалғындық балалар мәдениет үйінде оқуды жалғастыра береді. Қоскөл ауылының әкімі Әділет Мұсағалиевтің айтуынша, жаңа оқу жылында 40-тан астам баланың білім алуы күтілуде. Патрионаттық тәрбие және ауылға көпбалалы отбасылардың көшіп келуі есебінен бала саны толығып отыр. Айта кетсек, Шалғын ауылында таза ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыстық мәслихат депутаттары 1 айдан кейінгі нәтижені бағалау сапарында ауыз су мәселесінен сырт айналып өтпейтін болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.