Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаған өзеніндегі өткел

c 17:10, 01/10/2019 c 691

0:00 / 0:00

Оралда Шаған өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Нысан қаланың орталығы арқылы "Ақжайық"шағын ауданымен байланыстыратын болады. Көпір құрылысы барысында орманның бір бөлігі қырқылмақ. Аталған құрылыс жобасы 8 қазанда қала әкімдігінде өтетін қоғамдық тыңдауда көпшілік назарына ұсынылады деп жоспарланып отыр. Жаңа нысанның эскиздік жобасы дайын. Өзен арқылы өтетін көпірдің ұзындығы - 200 метр болса нысан арқылы  өтетін жолдың ұзындығы шамамен  3 км 700 метрді құрайды.  Көпір құрылысының аясында автожол мен веложолақ және жаяу жүргінші жолы да бой көтеретін болады.   Бұл жобаға барлығы 12 млрд теңге жұмсалады деп жоспарланып отыр. Жоспар бойынша көпір  Мәметова  көшесі  тұсындағы орталық саябақ аумағына дейін созылмақ. Бұл ауданда жеке тұрғын үй секторлары бой түзеген.  Осы орайда тұрғындар  аталмыш су өткелінің құрылысынан бейхабар болып шықты.Жасыл алқаптың  қырқылатыны және кесілген ағаштар орнына жерсіндірілетін тал-теректер туралы толық ақпарат пен өзге де мәселелер  қоғамдық тыңдауда әкімдікте қаралатын болады. Жаңа нысанның құрылысын бастау мерзімі мен қаржыландыру көздері әзірге анықталған жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.