Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАБЫНДЫҚТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ НАЗАРДА

c 22:00, 07/09/2023 c 47

0:00 / 0:00

Төрт түлік малдың жем-шөбін дайындау шаруа қожалықтары үшін маусымдық жұмыс қана емес, ала жаздай төккен маңдай тердің жемісі де. Алайда қауіпсіздік шараларына салғырттық таныту кәсіптің берекесін қашырары сөзсіз. Бұл орайда төтенше жағдайлар саласының мамандары дала өртінің алдын алуда түсіндірме жұмыстары қажет екенін айтады. Орал қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері Серебрьяков ауылындағы шаруа қожалықтарында болды.

АСЛАНБЕК ХАЙРУЛЛИН

ҚАЛАЛЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ

мал азығын жинау жұмыстары арнайы ауыл шаруашылығы техникаларының күшімен жүзеге асырылады. Сол себептен көлік ішінде өрт сөндіргіш, сапалақ, аздаған су қоры, тік күрек болуы керек. Бұл құралдар жазатайым от тұтанған жағдайда төтеншеліктер оқиға орнына жеткенше амалдай тұру үшін қажет.

АЙЫМ СҮЛЕЙМЕНОВА

ТІЛШІ

Орал қаласының аумағында 10-нан аса шаруа қожалығы бар. Сала өкілдерінің айтуынша, 2023 жылы мал азығын жинау кезінде өрт оқиғасы тіркелмеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.