Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шабдаржапта жаңа білім ордасы пайданалуға берілді

c 11:46, 03/09/2018 c 1171

0:00 / 0:00

Облыс орталығынан 300 шақырым шалғай орналасқан Ақжайық ауданына қарасты Шабдаржап ауылында да 198 балаға арналған мектеп ашылды. Биылғы оқу жылында 165 оқушы жаңа білім ордасында білім алмақ. Аталмыш мектеп Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай салынған болатын. Білім ордасының құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталып, биылғы жылы құрылыс жұмыстары аяқталды. Құрылыстың жалпы құны 635 млн теңгені құрапты.

Облыс орталығынан шалғай орналасқан ауыл тұрғындары үшін бұл көптен күткен ұлы той еді. Себебі, мектеп оқушылары өткен оқу жылына дейін өткен ғасырдың бел ортасында бой түзеген, кейін апатты деп танылған ғимаратта оқып келген болатұғын. Соған қарамастан осы апатты мектепте білім алса да 8 оқушының 3-уі "Алтын белгі" иегері атанғаны мәлім. Шалғай ауылда бой түзеген мектеп 198 балаға арналып салынған. Бүгінде 165 бала су жаңа ғимаратта білімдерін шыңдамақ. 13 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттапты. Ауыл тұрғындары жаңа мектепке көңілдері толып, ризашылықтарын білдірді.

Құрылысы жақында ғана аяқталған мектептің 42 орындық асханасы мен спорт залы бар. Сондай-ақ, оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды дарыту мақсатында "Рухани жаңғыру" алаңы да бой түзепті. Мектеп оқушылары көптен күткен қуаныштың орын алғандығын, барлық қажетті құрал-жабдықтардың бар екендігін тілге тиек етті.

Қажетті құрал-жабдық демекші, мектеп алғашқылардың бірі болып, "Білім букке" қол жеткізіп отыр. Аталмыш бағдарлама интернеттің көмегінсіз, 3 тілде оқушылар үшін интерактивті сабақпен қамтамасыз етпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.