Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Серік"ӨЖК" ЖШС - 26 жыл

c 18:26, 31/01/2018 c 1020

0:00 / 0:00

"Серік" өндірістік жабдықтау" кәсіпорны бүгінде бірнеше қалада өз кәсібін жандандырып отыр. Халықаралық, республикалық деңгейде және облыс көлемінде жұмыс жасауға қауқарлы. Компанияның негізі 1992жылы қаланған. Сол жылдары қалада алғашқы дүкені пайда болып, 10 адам еңбекпен қамтылған.

2002 жылы Ақсай қаласында Бестау қонақ үйінің құрылысы басталған болатын. Қазір ол ең таңдаулы орындардың бірі саналады. Осы жылдар ішінде "Серік" ӨЖК-дағы" жұмысшылар саны сол кезден 1000 адамға дейін ұлғайды. Компания жаңашыл идеялармен жұмыс жасап, заманауи тұтынушы талабына сай дамып жетілуде. Жобалау құрылысы, қонақ үй мейрамхана бизнесі мен сауда ойын-сауық өндірісімен айналысқан кәсіпорын үшін "Сити центр" сауда үйінің маңызы зор. Өз қалауыңызға сай, "Сити центр" ойын-сауық орталығынан жанға қажеттінің бәрін табуға болады. Сонымен қатар," Синемапарк" кинотеатры мен "Мама мия" асханасы және "Уикенд" итальяндық мейрамхана асханасы тұрғындарды қызмет сапасымен қуантып келеді. Ақсай қаласында "Бестау" қонақ үй мейрамханалық кешені, "Жарсуат" қонақ үйіжәне базары бар. Барлық қызмет тұтынушылар үшін аса тиімді саналады. 1998 жылы компания ТДК-42 телеарнасын ашып, Астанада меншікті тілшісі бар аймақтық жалғыз телеарна ретінде қызмет атқарды. Бүгінде ТДК-42 телеарнасында жаңалық бағдарламалары, түрлі бағыттағы жеке бағдарламалар мен ток шоулар көрерменге тікелей жол тартып отыр. Солардың бірі - "Апталық ақпар", "Біз болмасақ кім болмақ", "шындықпен бетпе-бет", "Ойлан time", "ТДК смайл" бағдарламалары.

 Татьяна Трифонова
"псп "Серік ӨЖК" ЖШС бас директорының орынбасары
Қазіргі таңда "Серік" ӨЖК" кәсіпорны жаңа идеяларымды жүзеге асыруға инновациялық технологияларды қолдануда ұсыныстар қабылдайды. Жетістігі мол компания облыс көлемінде ғана емес, ресбулика деңгейінде бәсекеге қабілетті. Мақсаты айқын, белсенді, компанияға тың серпін әкелетін жастарды кәсіпорын тыңдауға дайын. "Серік" ӨЖК" даму жолында қадамы нық, болашағы жарқын болуы үшін талмай еңбек етуде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.