Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенбілік жарияланды

c 18:36, 28/02/2019 c 727

0:00 / 0:00

Жауын-шашынның көп түсуі коммуналдық сала қызметкерлеріне дес берер емес. Сол себепті көктем кезінде еріген қар суынан келетін қауіптің алдын алу үшін қар шығару жұмысына әр қалалық қатысуы тиіс. Бүгінге дейін «Жайық таза қала» ЖШС 760 мың текше метрден астам қар шығарған. Мекеме тәулік бойы жұмыстануда. Сергей Доля атап өткендей, шаһар бойынша су басу қаупі бар 35 аумақ бар. Аталмыш мекеме жұмысшылары  бар техникаларын бірінші кезекте осы аумақтардағы қарды тазалауға жұмылдыруда. Жалпы 40-тан астам тиегіш пен 100 шақты жүк көлігі бар.

Бүгінде Асан карьері қарға толық. Енді қала әкімдігі қар төгу үшін екі орынды белгілеп отыр. Олар - «Балауса» және «Деркөл» шағынаудандарында орналасқан. Ал әлеуметтік нысандар қар шығару туралы «Жайық таза қала» ЖШС-ға 51-85-55 нөмірі арқылы тапсырыс берулеріне болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.