Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенбі сайын сенбілік

c 17:59, 26/08/2019 c 586

0:00 / 0:00

Өткен демалыс күндері 6000-ға жуық оралдық сенбілікке қатысып, шаһардың күл-қоқысын тазартуға ат салысты. Облыс орталығын қоқыстан тазартуға арналған шараға жаңа қала әкімі Абат Шыныбековтің өзі бастап шықты. Қызметіне жуырда ғана кіріскен шаһар басшысы тазалық шарасының маңызды екендігін еске салып, акцияға ат салысқан жандарға алғысын білдірді.

Кезекті қала тазалау жұмыстарына 6000 мыңға жуық тұрғын белсене атсалысты. Сенбілікке шыққан жандардың қатарында қарпайым тұрғындар, кәсіпорындар және мемлекеттік қызметкерлер бар.

Жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылмастан бұрын шаһар басшысы санитарлық шараға белсене ат салысу үшін арнайы үндеу жариялап, әрбір пик өкілдерін бірге жұмыстануға шақырған. Алайда, кейбір коперативтер бұған құлақаспаған көрінеді.қала тазалығына білек сыбана кірескен жаңа әкім акцияға қатысқандарға алғысын білдіріп, қаланың тазалығы әрбір тұрғынның қолында екендігін ескертті.

Жалпы қалалық сенбілік нәтижесінде қала тұрғындары 330-ден астам куб метр қоқыс жинапты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.