Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенат сайлауына 254,5 млн теңге жұмсалады

c 11:00, 13/06/2020 c 371

0:00 / 0:00

Ағымдағы 12 тамызында  сенат депутаттарының сайлауы өтеді.  Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаттарының сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Сайлау өтетін күнге бір ай қалғанда, яғни 12 шілдеде он жеті өңірде кандидаттар ұсыну процедурасы аяқталады. Жалпы Сенат сайлауына қазынадан 254,5 млн теңге жұмсалмақ. Бұл жайында бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен жиын барысында айтылды. Айта кетейік, Сенатта 47 депутат бар.

Жоғарғы палата депутаттарының қатары жаңарады. Алдағы тамыз айы саяси науқанмен есте қалмақ. 12 тамыз күні Сенат депутаттарының сайлауы өтеді. Сенатқа кандидаттарды ұсыну 13 маусымда басталады. Ал сайлау өтетін күнге бір ай қалғанда, яғни 12 шілдеде 17 өңірде кандидаттарды ұсыну процедурасы аяқталады. Айта кету керек, болашақ сенаторларды жасырын дауыспен  маслихат депутаттары сайлайды. Су жаңа сенаторларды сайлауға қызанадан 254,5 млн теңге жұмсалмақ.

Сәбила Мұстафина – ҚР орталық сайлау  комиссиясының мүшесі; "Сенат сайлауына республикалық бюджеттен Орталық сайлау комиссиясына 254,5 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат сайлау комиссияларының қызметі мен ұйымдастыруға, мәслихат депутаттарының іссапары және көлік шығындарына, сайлау компаниясының қызметін ұйымдастыру үшін қажетті полиграфиялық қызметтерге, сондай-ақ сайлау нысандарын рәсімдеу қызметтеріне, БАҚ-та ақпарат жариялау және басқа да шығындарға жұмсалады».

Сенат депутаттарының жартысы әр алты жыл сайын қайта сайланып отырады. 15 сенат Президентпен  тағайындалады. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, осы жылдың қазан айында 2014 жылы сайланған 17 сенатордың өкілеттік мерзімі аяқталады. Осылайша біраз сенатор алты жыл бойғы жылы орнымен қоштасады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.