Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяжайдағы заңсыз әрекеттер

c 17:52, 02/02/2022 c 502

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы Мичурин саяжай тұрғыдары қоғамдастық төрағасы Сергей Горбуновтың қарпайым халықтан заңсыз қаражат жинайтынын айтып, қалалық мәслихат депутаттарынан көмек сұрады.Мичурин саяжайы тұрғындарының айтуынша, көгілдір отынды үйге тарту үшін - 360 мың, ал су жүргізу үшін - 300 мың теңгені қоғамдастық төрағасы Сергей Горбуновқа санап берген. Қалалық мәслихат депутаты Юрий Казаниннің айтуынша, халық қалаулысына тұрғындардан түскен шағымдар күн санап көбейіп барады. Саяжайларға қатысты жәйт алдағы уақытта қалалық мәслихат сессиясында көтеріліп, мәселенің шешу жолдары кең көлемде қаралатын болады.Жоғарыдағы мәселенің ақ-қарасын білмек ниетте қоғамдастық төрағасы Сергей Горбуновқа хабарласқан едік. Ат тонын ала қашқан ол мардымды жауап беруден бас тартты.
Бұл саяжайда жол мәселесі мен интернеттен ешқандай проблема жоқ. Тіпті тұрмыстық қалдықтардың өзі осы аудандағы кәсіпкерлердің көмегі арқылы тазаланып, аумаққа күтім жасалуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.