Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяжайда 5 күн бойы жарық жоқ

c 18:18, 18/06/2021 c 944

0:00 / 0:00

Бор тау ауданында орналасқан "Стеновик" саяжайының тұрғындары 5-6 күннен бері жарықсыз отыр. Саяжайды паналап отырған жандар жарық жоқ болғасын, не асын дайындап іше алмай, не суға жарымай қалған. Саяжайлықтарды жарық мәселесі көптен бері мазалап келеді екен. Соңғы кезде "Стеновикте" электр көзі жиі істен шығатын болған.

Бұл Борлы тауда орналасқан "Стеновик" саяжайы. Мұнда қысы-жазы саяжайды паналап отырған тұрғын көп. Олар бес күннен бері жарықсыз отыр. Жарық сөнгелі адамдардан маза қашқан. Себебі жарықсыз суы, үйдегі техникасы мен газы істен шыққан. Ұялы телефондардың да қуаты бітіп, байланыстан ажырап қалыпты. Кейбір тұрғындар қалада тұратын өзге туыстарын жағалап жүр. Егде тартқан жандар денсаулығымыз сыр бере қалса, жедел жәрдемге қалай хабарласамыз деп алаңдайды.

Аталмыш саяжайда жарық жиі сөнеді. Себебі жарық таратын трансформатордың тозығы жеткен. Тұрғындардың базынасын айтып Орал қалалық бағбандар мен бақшашылар қоғамының төрағасы Андрей Заозеровқа хабарласқан едік. Бірақ тілшілермен бірнеше мәрте телефон арқылы хабарласқан төраға жағдайға байланысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Бейресми мәліметке қарағанда, трансформатор түгел жанып кеткен екен. Енді тұрғындардың өмір сүруіне қажетті жарық қашан берілетіні де, оның қай уақытта жөнделетіні де белгісіз. Аптап ыстықта жарықсыз, сусыз, газсыз отырған тұрғындардың жағдайы не болмақ?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.