Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саябақ жанынан көлік тұрағы салынуда

c 17:44, 11/05/2021 c 488

Оралдағы Хусайнов көшесіндегі демалыс саябағының аумағына автотұрақ салынуда. Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімі» мамандары мәлімдеді.Бұл күніне шамамен 3 мың тұрғын келіп серуен құратын қалалық саябақ. Демалыс және мереке күндері адам қарасы көбейіп, көлік қоятын орын болмай, саябақ маңында ауқымды кептеліс орын алады. Бұл мәселе биылғы жылы шешімін табатын түрі бар. Қазір саябақ алдындағы құрылыс жұмыстары басталған. Саябақ жанынан көлік тұрағын салу- өзекті және тез арада шешімін табуы керек проблемалардың бірі. Қазір көлік тұрағының орнына техникалар әкелінген. Онға жуық жұмысшы қызметке тартылыпты.
Айта кеткен жөн, биыл қалада 50-ге тарта аула мен 33 көшеде жол жөнделетін болады. Бұл жұмыстар мамыр айының соңғы 10 күндігінде басталады деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.