Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саябақ абаттандырылады

c 18:14, 15/09/2020 c 463

0:00 / 0:00

180 жылдық тарихы бар Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында аббаттандыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілмек. Келер жылдың көктемінде саябақ пен зообақты жалғайтын жолға өрнек тас төселіп, азаматтардың серуендеуі үшін қолайлы жағдай жасалады деп күтіліп отыр.

Абаттандыру жұмыстары келер көктемде басталады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде азаматтардың серуендеуі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынбақ. Табиғат жанашырлары абаттандыру жұмыстары жасыл-желектің көзін құртады ма деп алаңдап отыр. Осыған байланысты мамандардың пікірі мынадай.

180 жылдық тарихы бар саябақ оралдықтардың мақтанышына айналған. Саябақтан өсімдіктер мен ағаштардың түр-түрін кездестіруге болады. Ақжолтай жаңалықты естіген София есімді жас ана қуанышын жасырмады.

Сала мамандары оралдықтардың көзайымына айналған саябақты дамыту үшін келелі істерді атқармақ. Келер жылы орындалуы тиіс жобаның бірі-жылыжай салу. Мамандар тынымбақта отырғызылатын жасыл-желекті өсіргісі келеді.

Қазіргі таңда келешектегі жоспарды орындау үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, алдағы жұмыстар пысықталуда.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.