Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сатқан көлік ұрланды

c 17:53, 01/07/2019 c 458

0:00 / 0:00

Оралда автокөлікті айдап кетпек болған ресейлік азамат қолға түсті.  БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметінше, оқиға 30 маусымда сағат 14.00-де Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы көшесі, 85/2 үйдің жанында болған. Белгісіз біреу оралдық 1992 жылғы тұрғынға тиесілі, 2018 жылы шығарылған, ақ түсті «Киа-Рио» автокөлігін (мемлекеттік нөмірі Х 087 ОВ 56-рус) айдап кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында 20 минуттан кейін Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөлікті Айталиев көшесі бойынан ұстады. Оның рулінде еш жерде жұмыс жасамайтын, көрші елде тұратын 1977 жылғы ресейлік азамат болған. Автокөлік иесіне қайтарылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.